Дүкеннен гардеробқа бір түртумен
Браузер кеңейтімі: кез келген онлайн-дүкендегі киімнің суретін тінтуірдің оң жағымен басып, бірден гардеробыңызға қосасыз.
Кеңейтімді жүктеу (ZIP)
Орнату (2 минут)
- ZIP файлды жүктеп, ашыңыз (Extract).
- Chrome-да chrome://extensions ашып, оң жақ жоғарыдағы «Әзірлеуші режимін» (Developer mode) қосыңыз.
- «Load unpacked» басып, ашылған aistyl-extension папкасын таңдаңыз.
- aistyl.kz сайтына осы браузерде кіріп тұрыңыз.
Chrome, Edge, Brave (компьютер). Телефонда әзірге суретті сақтап, «Киім қосу» арқылы жүктеңіз.
Қалай қолданамын?
Kaspi, Wildberries, Lamoda немесе кез келген дүкенде киім суретін оң жақпен басып, «aistyl.kz гардеробына қосу» таңдаңыз. Сілтеме немесе тауар бетінің өзін де қосуға болады. ЖИ киімді танып, атын береді — сосын оны Live-та киіп көресіз.
Құпиялық
Кеңейтім сіз кіретін беттерді оқымайды. Тек сіз таңдаған бір сурет дүкен cookie-лерінсіз жүктеліп, сіздің aistyl.kz гардеробыңызға жіберіледі.