Біз туралы

AiKorkem — Қазақстанда жасалған жеке ЖИ-стилист және тірі айна. Өз гардеробыңыздағы киімді камерада бірден киіп көріп, ауа райы мен жағдайға сай образ аласыз.

Не істейміз

Киіміңізді суретке түсіресіз — ЖИ оның санатын, түсін, маусымын өзі анықтайды. Стилист сол киімдерден образ құрады, ал тірі айна оны денеңізде нақты уақытта көрсетеді. Сапалы нәтиже керек болса, бір кадрдан фотореалистік сурет жасалады.

Неге

Шкаф толы, бірақ «киетін ештеңе жоқ» сезімі таныс. Біз бар киімді жиірек әрі әдемірек киюге, қажетсіз сатып алуды азайтуға көмектескіміз келеді. Дүкендегі киімнің өзіңізге жарасатынын сатып алмай тұрып тексеруге болады.

Құпиялық — бірінші орында

Live камера кадрлары құрылғыңыздан шықпайды. Суреттің метадеректері (GPS қоса) жүктеу кезінде өшіріледі. Деректеріңізді кез келген уақытта жүктеп алып, аккаунтты толық өшіре аласыз.

Қазақ тілінде

Интерфейс қазақша (төте жазумен де), орысша және ағылшынша. Стилист сізбен өз тіліңізде сөйлеседі.

Тегін бастау